• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкент мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Шымкент қаласындағы №45 мектеп-гимназияда дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды. 11 сыныпты тәмамдаған 38 оқушыны ұстаздары үлкен өмірге шығарып салды. Түлектердің салтанатты қоштасу мерекесіне Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев, қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, ардагер-спортшы Маханбет Сапарбаев қатысты.


– Білімді жастарға қай мекеменің болса да есігі ашық. Сондықтан, осы кезден болашақ мамандықтарыңа дұрыс таңдау жасаңдар, – деп қала әкімі Нұрлан Ермекұлы жас түлектерге ақ жол тіледі.


Мектеппен қоштасу шарасында қаншама жыл осы білім ошағын басқарып, директорлық қызмет атқарған  Роза Пак мектеп жетістіктерін алға тартты. Ата-аналарға алғысын жеткізген ұстаз түлектердің болашағынан үлкен үміт күтетінін айтты. Бұл күні мектеп бітіруші түлектер де, ұстаздары да ерекше толқыныстар болды. Мерекелік іс-шарада мектеп бітіруші түлектердің ұстаздары шәкірттеріне алдағы сынақта сүрінбей өтуіне сәттілік тілесе, мектеп өнерпаздары «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.