• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкентте «Мерейлі отбасы» конкурсының бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған байқауда 33 отбасының ішінен үздік танылған екі жанұя қалалық оқушылар сарайында өткен салтанатты жиында марапатталып, өңірлік байқауға жолдама алды. Конкурстық комиссия еңбек ардагері Құрманғали Ахмет пен байқауға қатысушы ең жас көпбалалы Болат Досмұхаметовтың отбасыларын жеңімпаз деп таныды.


Ахмет Құрманғали Наметайұлының шаңырағы техниктер мен мұнайшылардан тұрады. Отағасы еңбек ардагері. Еңбек жолын дәнекерлеуші болып бастаған ол 1986 жылы Созақ аудандық ауыл шаруашылығы мекемесінің директоры, 1990 жылы Шымкент қаласындағы механикалық жұмыстар басқармасының басшысы, 1994 жылдан зейнеткерлік жасына дейін Шымкент мұнай басқармасында энергетик, база басшысы, қадағалау механигі болған. Отбасында өмірлік жолдасы Тәуіркүл анамен 3 ұл, бір қыздан 10 немере сүйіп отыр.


Болат Досмұхаметов – «Азия Кредит Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Жұбайы Жанар Пазылбекова - жоғары санаттағы заңгер, «Алтын алқа» иегері. Ұл-қыздары өнер, білім салаларының үздіктері әрі республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары. Отағасы жомарттығымен көпке үлгі болалық азамат. Қалада өткізілген қайырымдылық шараларына белсене араласып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп келеді. Айта кетейік, бұл байқау Қазақстан Респуликасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде. Конкурс үш кезеңнен тұрады.


 


Шымкент қалалық баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.