• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Шымкент қаласының әкімі мектеп директорларын зейнетке шығарып салды

Шымкентте 7 мектеп директорын зейнетке салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Жиынға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев пен қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаров, қалалық білім бөлімінің басшылары қатысты. Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылған жиында қала әкімі ұстаздарға алғысын білдірді.


- Ұстаз – адам жанының инженері. Олар өмірін өскелең ұрпақты тәрбиелеумен, олардың жанына ізгілік дәнін себумен өткізеді. Балаға өмірлік қуат болатын тәрбие беретін ұстаз шыншыл, білімді әрі білікті болары сөзсіз. Бүгін біз осындай жандармен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздерге мың алғыс, құрметті ұстаздар! – деген Нұрлан Сауранбаев мұғалімдерге қала тұрғындары атынан алғысын жеткізді.


Құрметті еңбек демалысына шыққан педагогтар арасында №7 мектептің директоры Алшынбекова Орынкүл Жұмабайқызы, №64 мектептің директоры Асылбекова Зейнегүл Атабекқызы, №35 мектептің директоры Бершімбаева Айжан Серікбайқызы, №68 мектептің директоры Кенжебаев Құрбанәлі Мамырұлы, №52 мектептің директоры Молдабекова Күлзада Зиятқызы, №45 мектептің директоры Пак Роза Викторовна және №96 мектептің директоры Сүлейманқұлов Хикмат Хамракұлұлы бар. Өз кезегінде ұстаздар да Шымкент қаласының әкіміне осындай құрмет көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.