• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкент қаласында «Мектеп Лигасының» жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласында спорттың 5 түрінен (баскетбол, волейбол, футбол, кіші футбол, қол добы) өткен «Мектеп лигасы» қалалық кезеңінің жабылу салтанаты болды. Мектеп лигасы алғаш рет республика бойынша 4 кезеңде өткізілді. Әр спорт түрінен жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар анықталды. Жалпы қалалық кезеңдегі жарыстарға 20 мыңнан аса мектеп оқушысы қатысты. Жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай марапаттады. Жарыстың мақсаты - балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, өңірлік мектептердегі спорт түрлерінің деңгейін көтеру. Сонымен Лига нәтижесінде волейболдан 2001-2003 жылы туылған оқушылар арасында өткен лига жарыстарында ұлдар арасында: І орын - №89 мектеп, ІІ орын - №47 мектеп, ІІІ орын - №107 мектеп иеленсе, қыздар арасында: І орын - №113 мектеп, ІІ орын - №64 мектеп, ІІІ орын - №50 мектеп қанжығаға іліп әкетті. Баскетболдан 2000-2002 жылы туылған оқушылар арасында өткен лига жарыстарында ұлдар арасында: І орын - №8 мектеп, ІІ орын - №1 мектеп, ІІІ орын - №113 мектеп, қыздар арасында: І орын - №41 мектеп, ІІ орын - №86 мектеп, ІІІ орын - №26 мектеп ие болды. Қол добынан 2001-2003 жылы туылған оқушылар арасында өткен лига жарыстарында  ұлдар арасында: І орын - №90 мектеп, ІІ орын - №89 мектеп, ІІІ орын - №39 мектеп, қыздар арасында: І орын - №50 мектеп, ІІ орын - №53 мектеп, ІІІ орын - №90 мектеп жеңіске қол жеткізді.
Кіші футболдан 2001-2003 жылы туылған оқушылар арасында өткен лига жарыстарында 
ұлдар арасында І орын - №78 мектеп, ІІ орын - №11 мектеп, ІІІ орын - №64 мектеп,  
ал қыздар арасында І орын - №39 мектеп, ІІ орын - №64 мектеп, ІІІ орын - №4 мектеп жеңіске табан тіреді.  Футболдан 2003-2004 жылы туылған оқушылар арасында өткен лига жарыстарында ұлдар арасында: І орын - №24 мектеп, ІІ орын - №90 мектеп, ІІІ орын - №110 мектеп, қыздар арасында: І орын - №1 мектеп, ІІ орын - №54 мектеп, ІІІ орын - №81 мектеп иеленді.



Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.