• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Б.Саттарханов атындағы спорт мектебінің түлектері - ертеңгі чемпиондар

Шымкент қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернатында соңғы қоңырау сыңғырлап, оқушылармен бірге ата-аналары, ұстаздары, жаттықтырушылар салтанатты шараның куәсі болды. Биылғы жылы білім ұясынан 50 түлек ұшып шыққалы тұр. Спорттық жарыстардан республика бойынша көш бастап келе жатқан бұл мектепте спорттың 10 түрінен 320 спортшы  білім алады. Бітіруші түлектердің  қатарында Қазақстан чемпионатынан 17, сондай-ақ, әлем чемпионатынан 1 саңлақ бар. Мұның өзі жақсы көрсеткіш. Халықаралық додалардың жүлдегерлері жетерлік. «Ордабасы» футбол клубының сапында өнер көрсететін  10 шәкірт те осы мектептен қанат қағып отыр. Бүгінгі соңғы қоңырау рәсімінде мектеп ұжымы үздік спортшыларды марапаттады. Таяуда Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында 65 келі салмақта Әбдіәзім Қарабаев мектеп абыройын асқақтатты. Ертеңгі ел намысын қорғайтын спорт тарландарына мектептің артар үміті мол. Бүгінгі мектеп түлектері де ертеңгі еліміздің атын аспандататын чемпиондар деп білеміз. Ер Бекзаттың есімін иеленген мектеп Елбасы Н. Назарбаевтың ұсынысымен 1996 жылы 31 шілдеде Шымкент қаласында ашылған. Осы мектептің алғашқы түлектерінің бірі Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты мәңгі есте сақтау мақсатында есімі берілген. Мектепте бокс, дзюдо, грек-рим, еркін күрес,ауыр атлетика, футбол, жеңіл атлетика сынды спорт түрлері оқытылады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17