• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Шымкент қаласында 8 мыңға жуық түлек мектеп бітірді

Шымкент қаласында 7987 мектеп бітіруші түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Жанарларын қимастық сезім жайлаған жас түлектер мерекесінде ұстаздар атынан да оларға ыстық лебіздер легі төгілді. Қала басшысы оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жас бітіруші түлектерге өзінің ақ тілектерін жеткізді. Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында екендігін айта келе, Шымкентте сапалы, әрі қазіргі заман талабына сай терең білім алу үшін барлық жағдайлардың жасалғандығын, білім сапасын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жасалынып жатқандығын айтып өтті. Бітіруші түлектерге ҰБТ –ді өз деңгейінде тапсырып, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуіне ыстық ниетін білдірді. Мектеп бітіруші түлектердің 70 пайызы тестке қатысады. Мектепішілік қорытынды аттестаттау мамырдың 29-ына басталып,  шілденің 1-іне аяқталады. Шымкент қаласы әкімі Нұрлан Сауранбаев: - Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі де, қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.  Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай құрметті бағаға ие ұстаздар бүгін осы залда отыр. Ұстаздардың еңбегіне мың тағзым.


Қоғамда адам капиталын қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Бүгінгі қоғамның бір бөлшегіне айналғалғалы тұрған түлектердің еңдігі мақсаты  - мамандық таңдау, жауапты өмірге қадам жасау. Ендеше, барша түлектерге сәттілік тілейміз!


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.