• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

М.Жұмабаев жырларынан көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді

Шымкент қаласында ақын М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді. Биыл поэзия әлемінде айрықша із қалдырған аса көрнекті лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың туылғанына бір ғасыр жиырма бес жыл. Осыған орай байқау Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда шымылдығын ашты. Мұнда қала, аудан және оқу орындары іріктеуінен өткен 15 үміткер бақ сынады.


Сөз сайысын ұйымдастырудағы мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Тіл мәдениетін көтеріп, көркем әдебиетті насихаттау. Халық арасынан талапты да, талантты жастарды жарыққа шығару.  Сонымен қатар, әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды тұлғаның шығармаларын ұрпақ санасынан өшірмеу. Үміткерлер 3 кезең бойынша жарысты. Кеш бойы көрермендер Мағжанның өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыған көркем сөз оқу шеберлерінің өнерін тамашалап, ақынның жалынды жырымен сусындады. Сонымен бас жүлде шымкенттік Ақерке Оспанға, 1-орын Кентау қаласының 11-сынып оқушысы Дастан Рүстемұлына берілді. Екінші орын ордабасылық ару  Гүлсезім Оразбаеваға бұйырды, ал үшінші орын отырарлық Қазына Сейітбекке лайықты деп табылды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылар арнайы сыйлықтармен,  дипломдармен марапатталды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.