• Бүгін: 16.11.2018 |$1 = ₸374.14

"Сырлы әлем" атты әдеби шығармашылық кеш өтті

Шымкент қаласында композитор Өмірзақ Оспанның «сырлы әнім» атты шығармашылық кеші болып өтті.  Шығармалары қазақ музыкасының алтын қорына енген композитордың бүгінде «Ағаларым-ай», «Шымкентім-шырайлым», «Сенсің» атты әндері тыңдарман жүрегіне жол тапқан. Қала орталығындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония залында өткен әдеби кешке композитордың үзеңгілес достары мен өнердегі әріптестері жиналды. Талант иесі Қызылорда облысы, Шиелі ауылында дүниеге келген. Бала кезден ән мен жырға жаны құмар бозбала музыкалық училищеге оқуға түседі. Жары Дана Оспан да өнер адамы, екеуі саз колледжінде бірге оқыған. Сондықтан болар, ерлі-зайыпты өнер иелері бір-бірін түсініп, қолдау көрсетіп отырады. Бұл күндері сазгердің отбасы өсіп-өнген, немере сүйген тату-тәтті шаңырақ.  Өмірзақ Оспан бірнеше аспаптарда  қатар ойнайды, ізінен ерген ұл-қыздары да өнерден кенде емес. Шабыты шыңдалса, тағы да жаңа әндерін жарыққа шығару жоспарында бар екенін айтты. Кеш қонақтары сазгерге шығармашылық табыс тілеп, ізгі тілектерін білдірді.


              


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.