• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Шымкентте балет мектебінің шығармашылық концерті өткізілді

Шымкент қалалық балет мектебі жылдағыдай қорытынды есептік концертін өткізді. ҚР Мәдениет қайраткері Болат Атаханұлы негізін қалаған өнер ордасында бұл күні 200-ге жуық оқушы тәлім алады. Мұндағы  мың бұрала билеген өнерпаздар  кешке жиналған ата-ана мен қонақтарға  тамаша демалыс сыйлады.


Әсемдік пен нәзіктікті ұштастырған жас бишілер әр қимылында әуенге жан бітіргендей. Классикалық би элементтері көрерменнің жүрегіне ыстық сезім ұялатты. Әрине, бұл өнер тынымсыз еңбек пен ізденісті қажет етеді. Тек сонда ғана үлкен жетістікке қол жеткізуге болады, - дейді білім ұясының басшысы Ләмилә Тайкенқызы.


Ләмилә Мейірбекова,  Шымкент қалалық балет мектебінің директоры:



  • 200 баладай қатысып отыр концертке. 22 қойылым көрсетеді. Біздің балет мектебі - хореограф, ҚР мәдениет қайраткері Болат Атаханұлының қалдырған игі істері, өсиеті, аманаты. Бүгін сол өнерімізді көрсетейін деп, есептік шығармашылық кешімізді ұйымдастырып жатырмыз. Біз үшін бұл өте қуанышты, мереке күні.


Концерт соңында сөз алған ата-аналар балаларының өнеріне қарап, тәрбиенің тамаша үлгісін сезіндік, - дейді. Осындай жоғары дәрежедегі өнерді өз бүлдіршінінің орындауында көру - әсіресе, ата-ана үшін үлкен бақыт. Талмай еңбек еткен ұстаздар қауымына шексіз ризашылықтарын жеткізді. 


Мауя Мұсаева, көрермен:


-Балет мектебінің шығармашылық кеші болып жатыр. Өте тамаша өтіп жатыр. Немеремнің қатысқанына 2-3 жыл болды. Жемісін көріп жатырмыз. Тамаша өтуде. Қыздар жақсы билеп жатыр. Немеремді өзім апарам балет мектебіне, өзім әкелем. Қазір міне, сол еңбектің жемісін көріп отырмын.


Бұл мектеп балғындарды тек би өнеріне баулып қана қоймайды. Жоғары мәдениеттілікке үйретеді. Биыл өнер ордасы 20 жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлап отыр.


shymkenttv.kz


 


                       


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.