• Бүгін: 16.11.2018 |$1 = ₸374.14

Шымкент қаласы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары уикипедияға 3000-нан аса ақпараттық мақала енгізген

"Зияткер түлек-2018" салтанатты жиынынан соң Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев мектеп ғимаратын аралап, оқушылардың көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін, креативті ойлау дағдысын дамытатын «TEDх», «Уикипедия» сынды әлеуметтік жобалармен, «БҰҰ моделі» клубының жұмысымен, сонымен қатар Робототехника, High-tech, архитектура бағыттары бойынша жасалған 50-ге жуық ғылыми-инновациялық жобалармен танысты.


Экскурсия барысында қазақша Уикипедия клубының жұмысы туралы клуб белсенділері ақпарат беріп, мектеп ашылғаннан бастап жұмысы жолға қойылған жобаның жетістіктерімен бөлісті. Осы тұста қазақ контентіне 3000-нан астам мақала енгізген мектептің екі бірдей оқушысы Ғабдулғани Аудеков мен Ербол Сариевтың ерен еңбегі ерекше аталып өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге күш салып жүрген уикипедияшылардың еңбегін облыс басшысы өзгелерге үлгі боларлық үлкен жұмыс деп өз бағасын берді.


Келесі кезекте «TEDх» клубының белсенділері жобаны жан-жақты таныстырды. Ж.Түймебаев жас спикерлердің сөз саптауын тыңдап, оқушылардың жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, зияткер әрі шығармашыл оқушылардың үйірме сабақтарында жасаған «Кестелі орамал», «Моншақтар әлемі», «Киіз өнімі» сияқты қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары және фото галереялар құрметті қонақтардың назарларына ұсынылды.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.