• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Шымкенттік студенттер мен оқушылар конференциясында адам құқығы мен қауіпсіздігі тақырыбы қозғалды

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «БҰҰ Моделі» өңірлік студенттер және оқушылар конференциясы өтті. «БҰҰ моделі» - бұл ой талқылау және студенттік конференция режимінде өтілетін танымал әлемдік бағдарлама. Бұл жаңа идеялар, пікірлер, әсер тудыратын, өзін-өзі дамыту мен өз ойын білдіруге бірегей мүмкіндіктер беретін, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-сана мен жаңашыл және сыни тұрғыдан ойлану қабілетін дамытатын үздік мектеп саналады.


Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференцияның негізгі мақсаты – студенттер және оқушылардың бойына көшбасшылық және дипломатиялық қарым-қатынас қасиеттерін сіңіру. Студенттер конференция арқылы халықаралық келіссөздер кезіндегі өзара қарым-қатынас пен жүріс-тұрыс ережелерін жоғарғы деңгейде меңгереді. Жалпы конференцияға, ХББ НЗМ оқушылары, оның ішінде 140 адам, «Мирас» Халықаралық колледж студенттері, қалалық жалпы білім беру ордаларының оқушылары, Сайрам, Қарабұлақ студенттері тіркелген. БҰҰ-ның Модельдік Конференциясы төрт комитетте бөлінеді: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Адам құқықтарын қорғау комитеті, Есірткіге қарсы комитет. Комитеттердің жұмыс тілі ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде. Комитеттердегі тақырыптар төмендегідей: Бас Ассамблеяда - «Шетелдік әскери базаларды / қару-жарақ, дрон ұшақтарын қолдану проблемалары»; Адам құқықтары жөніндегі комитетте - «Босқындардың құл саудадан қорғауы»; Есірткі комитеті - «Есірткінің заңсыз айналымы мен терроризм желілері арасындағы байланысты есепке алу»; Қауіпсіздік Кеңесінің Комитетінде - «Киберқауіпсіздік қауіптері». Бағдарлама координаторы – тарих пәнінің мұғалімі Бахыт Әлжан болды. Бағдарлама бойынша қонақтарға мектеп ішінде экскурсиялар жүргізіліп, арнайы дастархан жайылды. Конференцияға қатысқан оқушылар мен студенттер мектеп әкімшілігі атынан арнайы сертификаттармен марапатталды. Ал, конференцияға қатысушы студент-жастар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.