• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

“Айгөлек” балалар шығармашылығы байқауы өтті

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына жалпы адамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Шымкент қаласында “Айгөлек” балалар шығармашылық байқауын өткізу жыл сайын үрдіске айналып отыр.


«Айгөлек» балалар шығармашылық байқауына мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер арасында 17-22 мамыр аралығында іріктеу кезеңі өтіп, оған Шмыкент қаласындағы жиырма үш  балабақшалардың бүлдіршіндері додаға түсті. Мұнда келешегінен көп үміт күттеретін талантты балалар ән шырқап, би биледі. Сахна өнері балаларды шыңдай түскендей, олардың мың бұрала билегені, әнді тебірене орындаулары көпшілікті тамсандырды. Қалалық байқауда өнері оза шауып, бас жүлдені қанжылаған бас жүлдегер №29 «Ай-Керім» бөбекжай балабақша бүлдіршіні Ақбілек Сайлаубек облыстық «Айгөлек» балалар шығармашылық фестивальіне жолдама алды.


Шымкент қалалық білім бөлімі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17