• Бүгін: 16.11.2018 |$1 = ₸374.14

"Адал ұрпақ" атты оқушылар клубы концерт ұйымдастырды

Елбасының «100 нақты қадам» -Ұлт жоспарындағы 13-қадамы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында республика мектептерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмысын бастаған болатын. Осы жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әрбір аймақта «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылды. 
Клубтың мақсаты - мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту, білім және мәдениет деңгейін арттыру. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал етеді. Осы орайда бүгінгі таңда Шымкент қаласының білім ордалары мен мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары түрлі шаралар өткізіп тұрады. 


Шымкент қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы 129 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерінің және олардың ата-аналарының қатысуымен мектеп бітірушілерге арналған мерекелік концерті өткізілді. Біржағы биылғы оқу жылында өткізілген клубтың шараларын қорытындылау, сондай-ақ оқушылардың және түлектердің бойына адалдық, әділеттік, асыл қасиеттерді сіңіру болып табылады.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.