• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы

Шымкент қаласындағы З. Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде ата-аналар және білім саласының мамандары, ұстаздар қауымы қатысқан алқалы жиын өтті. «Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жиналыстың жалпы мақсаты - мемлекеттік білім саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру еді. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді.


15-мамыр Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір шаңырақ маңызды екенін еске салады. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы екені де жасырын емес. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты арта түсетіні де жан қуантады. Жиналыс барысында ОҚО облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А. Садықова өз кезегінде сөз алды. Одан соң, аталмыш мектеп директоры Ж.Тойлыбаева және директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары У.Абдимусаева сөз сөйлеп, тақырыпқа тұздық болар тұшымды әңгімелермен жиын ажарын ашты. Жалпы ата-аналармен бас қосқан жиналыс өз деңгейінде өтіп, күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер талқыланды.


Шымкент қалалық білім бөлімі


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.