• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

«Тұлға - ұлттық жетістіктің іргетасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шымкент қаласындағы «Самал» бөбекжай балабақшасында «Тұлға- біртұтас ұлттың жетістік іргетасы» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Ғылыми практикалық семинардың мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда бәсекеге қабілетті, прагматикалық, шығармашыл тұлғаның педагогикалық идеяларды іске асыруда озық іс-тәжірибелерін тарату. Республикалық семинарға ҚББҒӘО әдіскері С.Өтемисова, «Өрлеу» БАҰО АҚ облыстық филиалдарының өкілдері , облыстық білім беру басқармасына қарасты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандары мен әдіскерлері, қалалық және аудандық білім бөлімдеріне қарасты мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатысты. Семинар қонақтарын балабақша меңгерушісі З.Өнерова және әдіскер Ф.Таирова музыкалық залда қарсы алды. «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ аға оқытушысы Г.Тұранова , ҚББ орынбасары  К.Уәлиханова сөз алып, семинарды ашып берді. Балабақшада 13 топта ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері көрсетілді. Қорытынды барысында балабақшаның бүгінгі ұйымдастырлған республикалық семинарға бекітілген тақырыбы өз мақсатына толық жетті деп бағаланды, балабақша тәрбиешілеріне шығармашылық табыстар тіленді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.