• Бүгін: 16.11.2018 |$1 = ₸374.14

Жаңартылған білім жарқын болашақтың бастауы

Шымкент қаласындағы №2 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектеп базасында информатика пәні мұғалімдеріне арналған жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану - ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Бану Сүгірова курс барысында информатика пәнін жаңартылған білім мазмұнда оқыту бойынша түрлі дәріс-тренингтер, педагогикалық әдіс-тәсілдер, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде, оқытуды критериалды бағалау жүйесін қолдануды, түрлі тиімді оқытудың стратегияларымен таныстырды. Білім берудің басты бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың компьютерлік дағдылар мен құзіреттіліктерді меңгеруі, бір жағынан, уақыт талабы болса, екінші жағынан, бұл талап ақпараттық технологиялардың өзге оқу пәндерін оқытудың тиімді құралы ретінде қолданылып, әртүрлі білім беру салаларымен байланыстыруға арналған ресурстар мен техникалық құралдар ұсынуына байланысты болып отыр.


Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында "Оқушылар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?" және "Оқытудың тиімді әдістері қандай?" деген сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы сауал бойынша топ арасында қызу пікірталас жұмыстары жүргізіліп, әр тыңдаушының жеке пікірлері тыңдалып, талқыланды. Курста жүргізілген ықшам сабақтарда тыңдаушылар өзінің іс-тәжірибелерінде кездескен түрлі мәселелерінің шешу жолдарын табуға мүмкіндік алды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.