• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸365.88

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жазаланды

Сот залынан!


ОҚО, Түлкібас аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Түлкібас ауылының тұрғыны Р, үйдің пәтеріне кіре берісінде көршісі азаматша О-ға балағат сөздер айтып, қорлап, қоғамдық тәртіпті және айналасындағылардың тыныштығын бұзған. Сондықтан көршісі полицияға жүгінген. Сотта кінәлі тұлға өз  кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарына тіркелген, сотта зертелген дәлелдердің жиынтығымен өз дәлелін тапты.


Соттың қаулысымен азамат Р. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енбеген.


Мәлімет көзі: Түлкібас аудандық сотының баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17