• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Шымкентте спорттық акция болып өтті

Шымкент қаласында республикалық «Чаллендж! Сенің жаңа қырың!»  атты спорттық акциясы болып өтті. Бірінші рет өткізіліп отырған бұл игі бастама Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауына ие болып, бүгін еліміздің барша өңірлерін қамтуда. Спорттық іс-шараға да атақты спорт саңлақтары мен студенттер, спорттық мектептер және қала тұрғындары қатысты. Олардың бұл бастамасы барша оңтүстікқазақстандықтарға өнеге - үлгі болмақ.  


Акцияны телекөпір арқылы Астана қаласынан еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып беріп, барша қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін спорттық шараны қолдауға шақырды. Бүгінде 700 мыңға жуық адам салауатты өмір салтын ұстанатынын оңтүстік жұртшылығы бұл акцияны әрдайым қолдауға дайын екендіктерін жеткізді. Алаңға жиналған жастар «Сенің жаңа қырың» акциясын қолдау мақсатында жалпылама дене жаттығуларын жасап, флэшмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар спорт мектептерінен жас каратэшілер жаттығу көрсетілімін ұсынды.


 


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.