• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

«Шабыт» жас музыканттар шеруі өтті

Шымкент қаласы  Қажымұқан стадионында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың қатысуымен «Шабыт» жас музыканттар шеруі өтті. Бұл шара биыл   екінші жыл қатарынан өткізілуде. «Жасай бер, Қазақстан!» деп ұрандатқан жас толқын стадион алаңын ерекше сән-салтанатпен жүріп өтті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру , рухани адамгершілік, эстетикалық патриоттық тәрбие беру, балалар мен жастардың орындаушылық, шығармашылын қолдау мақсатында ұйымдастырылған осындай шара биыл барлық өңірлерде, соның ішінде біздің Оңтүстік Қазақстанда өз жалғасын табуда. Аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев оларға деген игі тілегін жолдады. «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарға қолдау көрсету және мүмкіндіктер әлеміне жол бастау мақсатында игі істер атқарылуда. Соның бірі және бірегейі бүгінгі «Шабыт» Шеруі. Шеру – бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін және ұстаздар мен олардың шәкірттерінің жетістіктерін барша халыққа насихаттау арқылы мекемелердегі ұжымға шабыт сыйлайтын кең көлемді республикалық акция. Шерудің басты мақсаты эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалардың салтанатты көше-фестивальді Шеруін қолдау және дамыту болып табылады», - деді Ж.Түймебаев. Шымкент қаласының білім ошақтарынан жиналған 200-ге тарта оқушы шеру барысында түрлі ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен ФЛЭШМОБ-ты көрермендер назарына ұсынды.


   Фото Самат Мырзалиевтікі         


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.