• Бүгін: 16.11.2018 |$1 = ₸374.14

Балаларға базарлық жасады

“Изуми” сауда орталығы балғындарға бір жылдан бері қолдау көрсетіп келеді.  Бұл жолы да «Изуми» сауда орталығынің қызметкерлері Шымкенттегі балалар мектеп интернатына барып жеткіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қайырымдылық шарасы балаларға қатты ұнады. Олардың қуанышында шек болмады. Қосалқы мектеп интернатындағы балаларға “Изуми” сауда орталығының мамандары қонаққа келді. «Әрбір адам өз өмірінің мәнін тү­сінуі керек, ал балалар – сол өміріміздің мәні мен сәні. Бала­ларға бір сәтке болса да қуаныш сыйлағымыз келді. Сондықтан еліміздің болашағы – балаларымызға демеу болып, көмек көрсетуіміз тиіспіз», – дейді сауда орталығының қола ашық қызметкерлері. Орталықтың қызметкерлері балғындарға түрлі сыйлықтар тарту етті. «Изуми” сауда өкілдері бұл интернаттағы оқушыларға арнайы келген. Өйткені мұндағы өнерлі балғындар көптеген сайыстардың жеңімпаздары. Айтпақшы, мұндағы балғындар Астана қаласына барып өңірдін атынан байқауға қатыспақ. Балғындардың республикалық сайысқа жолдама алуы бірінші рет емес. Қуаныш сыйлаған бүгінгі қонақтарға да өнерлерін паш етіп, билеп берді. Қазір бұл қосалқы мектеп интернатында 150 бала тәлім алады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.