• Бүгін: 21.07.2018

«Жүрек жылуы» атты мерекелік іс-шара өтті

1 маусым «Халықаралық балалар қорғау күні» мерекесіне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Шымкент қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым Балаларды қорғау мереке күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарға «Жүрек жылуы» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн –балалардың әрдайым қамқорлықта болуын, ал үлкендердің олар үшін жауапкершілікте болуын еске салатын күн. Еліміздің ертеңгі тірегі болатын бала болашағын баянды ету үлкенге парыз екені ақиқат. Мемлекетіміз өскелең ұрпақтың болашағына орасан сенім артып, барлық жағдайды жасап отыр. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 772-ге жетіп жығылады. Оның ішінде 26 бала патрионаттық отбасылық тәрбиесінде. Шымкенттегі «Фиркан-Сити» ғимаратына «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуімен өткізілген шараға қаламыздан онға тарта демеуші тартылып, 100 жетім балаға сыйлықтар табыстады. Кәсіпкерлер қауымы білім бөлімі тарапынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жанарларынан қуаныш лебі байқалған бүлдіршіндер де өз кезегінде би билеп, әнмен шашу шашты.


 


Шымкент қалалық білім бөлімі


                                                                                                                 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Шіл 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

3

5

13

16

17

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17