• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Әдемілік жүзіңнен көрінеді, қайырымдылық ісіңнен көрінеді

Шымкент қаласындағы Шымкент аграрлық колледжінде 1-Маусым Балаларды қорғау күніне орай игілікті шара өткізілді. «Қайырымдылық – ізгіліктің бастауы» деген атпен акция ұйымдастырылып, оған барша ұжым бір кісідей ауызбіршілікпен атсалысты. Акцияның басты мақсаты: тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау болып табылады. Қазақ халқына тән асыл қасиеттердің бірі - қайырымдылық. Қайырымды болу - ізгіліктің бастауы, адам жанының нұр. «Әдемілік жүзіңнен көрінеді, қайырымдылық  ісіңнен  көрінеді» деген. Адамгершілік ұстанымдарын айғақтап, қол ұшын созған алтын жүрек жандарға ата-аналардың айтар алғысы шексіз.


Колледж залында қайырымдылық жәшігі қойылып, осында түскен қаржыға әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қолдан келгенше көмек жасады. «Қайырымдылық – ізгіліктің бастауы» акциясын салтанатты түрде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Айтқұл ашып, білім алушыларды мейрамдарымен құттықтады. Білім алушылар арасында «Қамқорлық», «Мейірімділік», «Қайырымдылық» тақырыбында көркем суреттер бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17