• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Балалар қуанышқа бөленді

Шуағын шашқан жайдарлы жаз айының алғашқы күнінде Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнерлі ұжымы мен талантты оқушылары «Кең-баба» этно-саябағында Балалар фестивалін ұйымдастырып өткізді. 
Іс-шара мақсаты – «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында мектеп оқушыларын игі істер жасауға баулу, балаларға мерекелік көңіл-күй, қуаныш сыйлау және халықаралық мейрамның маңыздылығын қала тұрғындары арасында насихаттау. 
Сайқымазақ, мыстан кемпір, Алдар көсе, Қызыл телпек, Гарри Поттер, Гермиона, Ханша, Күн сияқты ертегі кейіпкерлерінің образдарына енген шығармашыл оқушылар көпшілікке мерекеде қуаныш, шаттық сыйлап, көңіл-күйлерін көтерді. Ойнатылған ойын, көрсетілген би, флешмоб, шырқалған ән-барлығы да көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. 
Мектеп директоры Б.Касисмов болашағынан мол үміт күттіретін балаларға жылы лебізін білдіріп, төл меркесімен құттықтады. «Біздің балаларымыз осы жерге келіп, ойнап жүргеніне өте қуаныштымын. Олардың жүздерінен бал - бұл жайнап, қуанып жүргенін көріп, біз де қуанып жатырмыз» дейді ұйымдастырушылар.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.