• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы - заман талабы

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекет жастарға алғашқы мамандықты тегін береді деген болатын. Яғни, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үкімет жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңартты. Жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын жүзеге асыруды қолға алуда. Осыған орай Шымкент қаласындағы ОҚО кәсіподағының оқыту орталығында алдағы күндері – 1 маусымнан қыркүйек айына дейін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыссыз азаматтар тегін оқытылатын болды. Оған 200-ге жуық адам қамтылып, оларды тоқымашы, аспаз, жүргізуші, электрик, сантехник, дәнекерлеуші, жиһаз құрастырушы, шаштараз секілді 8 мамандыққа оқыту көзделуде. Міне, аталған жобаны табысты жүзеге асыру арқылы экономика қажеттіліктерін қанағаттандыру, жастардың, еңбек дағдыларын алу мүмкіндіктері кеңейеді, ал ең бастысы –отбасының әлеуметтік жағдайы, әл-ауқаты жақсаратын болады. Мемлекет тарапынан жастардың бірінші жұмысшы мамандығын тегін алу арқылы  еңбек дағдыларын игеруі олардың белгілі бір кәсіпті меңгеріп, өз бетінше табыс табуға жасалған мемлекеттік кепілдік болып табылады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.