• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Шымкент қаласы орталық мешітінде жамағаттың алдында Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.


1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. 1920-30-жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілді. Осы жылдары немістер мен шешендер, Қырым тартарлары және басқа ұлттар Қазақстанға жаппай жер аударылды. Сол зұлмат жылдары тарихшылардың айтуы бойынша, 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шеккен. Тарих бетіне қаралы ізін қалдырған осынау оқиғаның құрбандарын ақтау, ерліктерін еске алу тәуелсіздігіміздің арқасында қол жетті. 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Осыған орай, еліміздің әр өңіріндегі мешіт қызметкерлері облыс, аудан, ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шараларын дәстүрлі түрде жалғастырып келеді. Жалпы, облыс бойынша 160 мешіттерде оқылып жатқан хатым Құран сауабы сол жылдары жазықсыз шейіт болған марқұмдардың рухтарына бағышталды. 


Фото: Мақсат Шағырбаев


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.