• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

«Сол бір жылдар сөйлейді!» атты әдеби-тарихи кеш өтті

Шымкент аграрлық колледжінде «Жаппай қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай «Сол бір жылдар сөйлейді!» тақырыбында әдеби-тарихи кеш өткізілді. 
Кештің мақсаты - қазақ тарихында өзіндік орны бар сол бір сұрапыл жылдардың ақиқатын, қазақ зиялыларының басынан өткен қиындықтарын кейінгі ұрпаққа ұғындыру арқылы жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Тәуелсіздік жылдары 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары қанша уақыт өтсе де тоқталмауы тиіс. Әдеби-тарихи кеш барысында жастарға сол бір нақақтан жазаға тартылған жандардың тағдырынан, Алаш азаматтарының айтқан сөздерінен үзінділер келтіріліп, көріністер көрсетілді. Сондай-ақ, «Аға ұрпаққа мәңгі тағзым»
атты тақырыппене Шымкент аграрлық колледжінің білім алушыларын тарих пәні оқытушылары Ш.Үсентаева, Г. Қани, П. Қасимова Шымкент қаласындағы «Саяси – қуғын сүргін мұражайымен» таныстырды. Мақсат -
ХХ ғасырдың 1920 -1930 жылдардағы қоғамның саяси өмірінде кешірілмейтін тоталитаризмнің өктемдік саясатының құрбаны болған қазақ зиялыларының қатал тағдырына тағзым етіп, білім алушылардың патриоттық сезімін ояту.


Шымкент аграрлық колледжі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.