• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРГЕ 2 КҮНДІК АРНАЙЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ОҚО бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің әдептілік денгейін жетілдіру бойынша облыстағы 44 Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған 2 күндік оқыту семинарын өткізді.


  Семинарды Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев және Академия филиалының директоры З.Қабылбекова ашып берді.


Сөз барысында Ә.Көмекбаев елімізде ұжымдардағы психологиялық моральдық климаттың қалыптастыру бағытындағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келетінін атап өтті.


Семинарда Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері облыстық әділет департаментінің басшысы О.Тастанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ОҚО филиалының директоры А.Ахметов, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев, психология ғылымдарының докторы Г.Аяпбергенова және психолог З.Елемесова дәріс оқыды.


Ашық пікірталас түрінде өткен шара барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, Әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі функциялары мен олардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен корпоративтік мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу және БАҚ сұқбат беру мәдениеті, шиеленіс кезіндегі стресске төзімділік және т.б. тақырыптар талқыланды.


Шараның қорытындысымен барлық әдеп жөніндегі уәкілдерге арнайы сертификаттар табысталды.


Айта кетейік, әдеп жөніндегі уәкіл институты 2016 жылдан бастап Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында енгізілді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.