• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Шымкенттіктер рекордты жаңартты

Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары, әсіресе белсенді жастар денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын миллион рет орындады деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға мегаполистің бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері де болды. Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі де Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС-2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды. Еске салайық, күні кеше ғана Елбасымыз Шымкенттің Қазақстандағы мегаполистер қатарына қосылғаны жайында жария етті. Көптен күткен бұл жаңалықты миллионды мегаполистің тұрғындар қуана қабылдады. Қалада осы мəселеге қатысты конференциялар да өтті.


Бұл турасында Елбасы: «Болашақ – миллионды қалалардың қолында. Мұндай шаһарлар тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы жаңартылған және мәдениеті жоғары болуы тиіс» деген болатын. Міне, сүйікті Шымқала да миллионды шаһардың қатарына енді.


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.