• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

«Балалар бос уақытын тиімді өткізу керек» дейді аула клубтары

Шымкент қаласы №54 жалпы орта мектебінде Балалар көркемсурет мектебіне қарасты «Шұғыла», «Арт Шайн» аула клубтарының «Бізге 5 жыл» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Жалпы іс-шараның мақсаты -  аула клубының жұмыстарын көпшілік назарына ұсыну, балалардың бос уақытын тиімді өткізу. Балалар көркемсурет мектебіне қарасты аталмыш аула клубтарының ағымдағы жылда атқарған жұмыстарын қорытындылау. Іс-шара екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде үйірме оқушыларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған «Жарқын жолға нық қадам!» тақырыбындағы көрмені тамашалады, мұннан соң ұстаздар қауымы керемет шеберлік –сыныптарын көрсетіп, өнер әлемінің сұлулығымен көпшілікті тамсандырды. Екінші бөлімде аула клубының өнерпаздары ән мен биден шашу шашса, бокс, каратэ үйірмесінің тәрбиеленушілері өзін-өзі қорғаудың қыр-сырымен көрермендерді тәнтті етті. Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебінің жанынан ашылған аула клубтары ұйымдастырған «Бізге 5 жыл!» тақырыбындағы мерекелік жиын өз деңгейінде өтті.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.