• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Мемлекеттік рәміздер ұлт құндылығы

Мемлекеттік рәміздер күні айтулы мереке ретінде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып келеді. Осыған орай, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер-ұлт мақтанышы» салтанатты жиыны өткізілді. Ел тәуелсіздігін паш ететін мемлекеттік тудың енгізілуімен бастау алған салтанатты жиында қазақ елінің музыкалық поэтикалық эмблемасы мен әдеби сазды құжатына айналған Гимн шырқалды. Ашық аспан астында бейбіт ғұмыр кешіп жатқан жас ұрпақты құттықтаған мектеп директоры Б.Касимов тәуелсіздіктің маңызы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, Шымкент қаласы 6506 әскери бөлімінің ұлттық ұлан сарбаздарының және мектеп оқушыларының орындауларындағы патриоттық әндер мен би өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық рухты асқақтата түсті. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.