• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Білікті бапкер шеберлік дәрістерін оқыды

Ұлт мақтаныштары іріктелген «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Құралбай Орынбасар ізбасарларына арнап, шеберлік дәрісін өткізді. Білікті бапкер дзюдо, самбодан жүздеген шәкірт тәрбиелеген,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  жаттықтырушысы Құралбай  Орынбасар қазіргі  таңда Шымкент  қаласындағы №10  күрес  спорт  мектебінің аға  бапкері  болып,  жемісті  еңбек  етуде. Аламан додалар жеңімпаздарын тәрбиелеп  келе  жатқан  тәжірибелі  маман еңбекқорлығының  арқасында  жетістіктерге  жетуде.


Облыс спортының  дамуына ерен  еңбек  сіңіріп  келе  жатқан балуан  Рио параолимпиада  ойындарына  қатысып,  ел  намысын  қорғады. Отырар  ауданының құрметті  азаматы,  халықаралық дәрежедегі  спорт  шеберінің  алдына  қойған  мақсаттары  айқын. Білікті бапкердің  үлкен  жеңістері арнайы кездесу барысында жас спортшыларға үлгі етілді. Басқосуда  облыстық  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасы  басшысының орынбасары  Айтмахаметәлі Бердашев  сөз  алды. «Рухани  жаңғыру»  штабынан  келген  өкіл Халидулла Хабибаұлы еліміздің  мерейін  үстем  етер спортта  жарқын  жетістікке  жеткен Құралбай  Орынбасардың еңбегіне жоғары баға берді.


shymkenttv.kz


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.