• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

«Цифрлық Қазақстан» жобасы Шымкент мектептерінде қалай жүзеге асуда?

Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзе­ге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қам­­та­­масыз етіп, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру. Екін­ші бағыт – эконо­мика­­­ның салаларына (көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда) цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру. Үшіншісі – мемлекет­тік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру және төр­тін­ші бағыт – IT-мамандарды даярлау. Бұл - болашаққа бет алған, дамудың даңғыл жолына түскен мемлекеттің озық жобасы. Цифрландыру жобасы арқылы біз ең алдымен, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа тыйым сала аламыз. Соның ішінде білім саласын жаңа технологиямен қамтамасамыз ету, нақты цифрландыру аясында Шымкент қаласының өзінде қыруар жұмыстар атқарылған. Мәселен, білім беру саласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және есепке алу,  орындарын алмасу процестері автоматтандырылды. Қазір жоба аясында 98 172 өтінім келіп түсіп, 30 645 бала электронды өтініш арқылы балабақшаларға жіберілген. Қазіргі таңда заманауи жүйе Шымкентте мектепке дейінгі 459 ұйымға енгізілді. Бүгінде Шымкенттегі қала мектептері 1-сынып оқушысын электронды тәртіппен қабылдайды. Бір ғана Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектеп-лицейінде былтыр 225 бала осы жүйемен мектепке қабылданған. Шымкентте бұдан өзге кадр іріктеу, мектеп директорларын конкурс арқылы тағайындау ісі де осы бағдарламамен оңтайландырылған. Бұл уақыт аралығында 2 374 өтінім қабылданып, 1 010 ашық конкурс өткізілген. Нәтижесінде 654 кандидат жұмысқа орналасты. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін 80 пайызға жойса, келіспеушілік бойынша арыздарды 92 пайызға кемітіп отыр.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.