• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

«Shymkent-Challenger» халықаралық турнирі өтті

4-9 маусым аралығында Шымкент қаласындағы Ұлттық теннис орталығында «Shymkent Challenger» халықаралық турнирі өтті. Турнирдің жүлде қоры 50 000 АҚШ долларын құрайды. Кәсіпқой-ерлер арасындағы жарыс Президент Кубогынан кейінгі екінші орында.


«ATP Challenger халықаралық турнирін өткізу, атап айтқанда Шымкентте - аймақтардағы теннистің дамуындағы маңызды кезең. Бұл турнир үшін біз ATP (Теннис мамандарының қауымдастығы) мақұлдауын алу үшін тестілеуден өттік. Бұл турнир бүкіл әлемнің үздік теннисшілерін жинады. Өткен жылы негізгі торда соңғы теннисші әлемдік рейтингте 677-ші орынға ие болса, 2018 жылы әлемнің 254-ші ракеткасы », - деп мәлімдеді баспасөз-конференциясында ҚТФ вице-президенті Диас Досқараев. Осымен 2-ші мәрте ұйымдастырылған байрақты бәсекеге 20-ға жуық мемлекеттен 70-ке тарта спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының мүшелері Александр Недовесов, Тимур Хабибулин, Роман Хасанов және Денис Евсеев бар. Халықаралық турнир бес күнге жалғасты, кәсіпқой теннисшілер арасында өтіп жатқан турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев сөз алды. Жарыс қатысушыларына сәттілік тілеген ол бұл байрақты бәсекенің бәсі басым екенін айтты. Теннисті дамытуға жоспар көп. Соның бірі – теннис корттарын кеңейту. Сонда ғана осындай ірі халықаралық турнирлерді аймақтарда өткізуге болады. Былтырғы өткен додада шетелдік спортшылар жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берген болатын. Бұл жолы да үміткерлер үшін барлық жағдай жасалып отыр.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.