• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Шымкентте суда жүзуден республикалық турнир өткізілді

 Шымкенттегі  «Орталық су спорт кешенінде» суда жүзуден ел чемпионаты  өтті. 2014 жылы ашылған су спорт кешенінде жыл сайын облыстық, республикалық турнирлер өткізу дәстүрге айналды. Бұл жолы да еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жасөпірімдер арасындағы турнир 4 күнге созылды. Балалар арасындағы дүбірлі додаға еліміздің барлық облысынан 600-ге жуық жас спортшы қатысты. «Оңтүстік сайыпқырандарына Алматы, Астана қалаларының командалары лайықты қарсылас болды, - дейді жаттықтырушылар. Жасөспірімдер  үш күн бойы еркін жүзу, шалқалай жүзу, баттерфляй әдісі бойынша жарысқан. Кейбір жекелеген жүзу түрлерінен арнайы мектеп-интернаты бар Алматы қаласының спорт жүйріктері алдына жан салмады.  Алайда, күнгей қаланың спортшылары командалық есепте өзгелерден оқ бойы озық шықты. Бапкерлердің үміті ақталып, өңіріміздің жас спортшылары республикалық додада топ жарды. Шаршаған денеңізге энергия, қажыған ағзаңызға иммунитет сыйлайтын бұл спорт түрінің адамға береп пайдасы мол. Чемпионаттың жабылу салтанатында үздік спортшылар арнайы марапатталды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.