• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Шымкентте "Business lady Qazaqstan" байқауы өтті

 Шымкентте алғаш рет «Қазақстан бизнес ханымы» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңдегі ақтық сыны болып өтті. Әр салада кәсіп етіп жүрген және табысқа қол жеткізе білген нәзік жан иелері қабілеттерін көрсету мақсатында сахнаға көтерілді. Бизнес додада 15 оңтүстікқазақстандық іскер қыз-келіншектің бақ сынады. Үлкен сахнада олар  өздері айналысатын кәсіптерін бейнеролик арқылы таныстырып өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар үш минуттық бейнеролик арқылы өзі және кәсіпкерлігі жайлы баяндап өтті. Жеткен жетістіктеріне тоқталды. Екінші кезеңде хаынмдардың сөйлеу мәнерін, ойын жеткізе білуі, мақсатшылдығы мен білім деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар қойылып, оған тиянақты жауап бере алды. Үшінші кезеңде қыз-келіншектер бойындағы өз өнерлерін, яғни бірі билесе, енді бірі ән айтып, бірі монолог оқып, сахналық көріністер қойып жарысты. Қазылар алқасы үшін озаттарды анықтау оңайға түспеді. Өйткені, олар - іскерлігі мойындалған, қоғамдағы жетістігі жоғары жандар. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені облысымыздағы «Жас кемеңгер» балаларға білім беру орталығының өкілі Аида Нұрмаханова жеңіп алды. Тамаша жетістігінің арқасында «Балауса» атты зергерлер үйінің гауһар тасты әшекейін тақты. Жеңімпаз кәсіпкер үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін республикалық байқауға қатысып, еліміздің барлық облыстарынан озып шыққан жеңімпаздардың алдында бақ сынамақ. Нәзік жанды кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқау республика бойынша тұңғыш рет қолға алынып отыр. Бұл сайысқа бизнесін аяғынан тік тұрғызған, ісі алға басқан бизнесте бейімі бар іскер ханымдар қатысты десек болады. Бұл әйел адамдардың бойындағы көптеген қасиеттердің бар екенін дәлелдейтін жоба. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта жыл сайын өткізу  жоспарда бар.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.