• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Балалар ойларын асфальт бетіне бейнелеп, сурет арқылы жеткізді

Шымкент қаласында Балалар көркемсурет мектебі мен «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен балалар шығармашылығына арналған көрме өтті. Шымкенттің орталық саябағында балғындар қиял-ғажайып ойларын асфальт бетіне бейнелеп, сурет арқылы жеткізді. Сонымен қатар жұртшылық жас өрендердің тамаша әні, мың бұралған биіне куә болды. Мерекелік іс шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағыттар бойынша өрбіді.  Іс-шараның басты мақсаты – балаларымыздың бойына халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, өнегелі қасиеттерін сіңіре отырып, әдептілікке, шабыттылыққа, имандылыққа, Отанын сүюге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, интеллектуалды шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл күні балалар ерекше көтеріңкі көңіл-күйде болды. Сондай-ақ, мерекелік шара Облыстық балалар қуыршақ театрының қойылымымен жалғасты. Қойылымға жүзден аса балалармен келіп қатысып, олар шығармашылық ұжымның 68-ші қойылымына куә болды. Балалар қуыршақ театры рухани ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыруына, өнер мен мәдениеттің өркендеуіне жол аша бермек. Қойылым балаларға ұнады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.