• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Жазғы сауықтыру лагеріне 7000-нан аса балалар жіберіледі

Биыл Шымкент қалалық білім бөлімі әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасының жеті мыңнан аса балғынын жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдамамен қамтамасыз ететін болады. Білім саласы қызметкерлерінің айтуынша, қала сыртында бес сауықтыру лагері жұмыс істейді. Қазірден бастап, алғашқы маусым басталып кетті. Өткен жылы тегін жолдама 5 мың оқушыға берілсе, биыл қала әкімдігі демалатын балалар санын көбейткен. Яғни, балаларға барынша жағдай жасалуда. Мұндағы балалар лагерінде бөлек кітапхана, асхана, дәрігерлік бөлме, одан бөлек оқушылар тынығып, дем алатын бөлме жұмыс жасайды. Сонымен қатар, лагерьде үстел теннисі, волейбол, баскетбол, кіші футбол алаңдары, спорт сауықтыру кешені және ашық жүзу бассейіні де бар. Бұдан бөлек 23 мың бала мектеп жанындағы алаңдарда бос уақыттарын тиімді өткізеді. Оған қаладағы 113 мектеп, 12 аула клубы және 8 мектептен тыс мекемелер атсалысады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.