• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Шымкент қаласы Абай атындағы орталықтандырылған кітапханада  «4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні» аталып өтті. Тәуелсіз елдің тұғырын биік етер рәміздерді ұлықтау бір күннің емес тұрақты ұстаным дейді кітапханашылар. Арнайы көрме ұйымдастырылып, студент жастар атаулы күн туралы ойларын ортаға салды. Олар мемлекеттік рәміздердің мемлекеттің құрылуында маңыздылығын атап, шығу тарихына мен құндылықтарына қысқаша тоқталды. Біздің туымыздың зеңгір көк түсті болу себебі біртұтастықтың, бірліктіліктің және ашық көк аспанның белгісі. Көк байрақта орналасқан күннің белгісі тыныс тіршіліктің,шаттықтың және қайғысы жоқ өмір нышанының белгісі. Күн астында шалқып қалқып ұшып жүрген дала қыраны. Далалықтар бұл белгіні күштің, еркіндіктің және бостандықтың белгісі ретінде қабылдады. Оның қырағылығы мемлекетте бүлікшіліктің пайда болмауын бақылап тұрғандай. Мемлекеттік рәміздерді ұлықтаған іс шараға кітапхана қызметкерлері мен қалалық әкімдік өкілдері мен көпетген оқырман қатысты.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.