• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Шымкентте көк туды желбіреткен мотошеру өтті

Шымкент қаласы халқының саны миллионға жетуіне орай мерекелік іс шаралар жалғасуда. Өткен айда Жеңіс мерекесіне арнап, қаланы шарлап өткен мотошылар бұл жолы сүйікті қаланың үшінші мегаполис атану құрметіне қала тұрғындарын құттықтау үшін сапқа тізілді. Шараға облыс басшысы, қала әкімдігі қызметкерлері қатысып, әрбір аудан орталығынан келген мотошыларға сәттілік тіледі. Мотошылар мәресі жаңа арбат бойы,  Бәйдібек би ескерткіші маңынан басталып қаланың орталық көшелерімен жалғасты. Байкерлер мототехникаларға еліміздің көк туын қондырып, асқақ рухпен желбірете жүріп өтті. Міне, қала мәртебесінің өсуіне спортшылар осылай қолдау білдіретіндіктерін көрсетті, әрі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, мотобайкерлер маусымы көктемде ашылды. Олар қаланың мерекелік іс шараларына белсенді атсалысып тұрады. Мотошылардың қатарында бұрыннан келе жатқан кәсіпқой спортшылармен қатар, жаңадан қатарға қосылған әуесқойлары да бар. Шымкенттің миллион тұрғыны бар қалаға айналуы біз үшін мақтаныш. (Фото авторы Береке Сейітжаппар).


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.