• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Рәміздер — біздің ұлттық ұстынымыз

4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 26 жыл бұрын егемендігіміздің белгісі ретінде Ту, Елтаңба және Әнұран — ұлтымыз үшін аса қастерлі құндылықтарымыз бекітілген. Олар барша қазақстандықтың рухын асқақтатып, ұлттық бітім-болмысын айшықтайды. Атаулы күнді шымкенттіктер де атап өтті. Бұл күні қала жастары - мемлекеттік рәміздер күніне дайындаған сыйларын флешмоб арқылы көрсетті. Флешмобқа қатысқан студенттер елдік пен ерлікті арқау еткен патриоттық әнді әуелетті. Мақсат — мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақыру, Отансүйгіштік сезімін күшейту. Рәміздерді ұлықтауға арналған шара Жастар ресурстық орталығынан басталып, халық көп шоғырланған орындарда жалғасын тапты. Азат елдің арманшыл ұрпағы барша жұртты тұғыры биік Тәуелсіздік ұғымын қастерлеуге шақырды. Мереке соңында жастар көпшілік жиналған қауымға Ту таратты. Көк аспанда қалықтап ұшқан қыранның, жер мен көктің арасында зулаған пырақты тұлпардың, әр қазақстандықтың қолын жүрегіне қойдырған Әнұранның биік тұғыры осы «Рәміздер алаңында» орнаған. Рәміздер — біздің айбарымыз, ұлттық ұстынымыз.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.