• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Жас кинорежиссерлердің шығармашылығын дамыту мақсатында «Самғау 2018» байқауы өтпек

Шымкентте жас кинорежиссерлердің байқауы өткелі жатыр.  «Самғау-2018» деп аталатын өнер сайысын Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырғалы отыр. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының  директоры Береке Дүйсебековтің айтуынша, мақсат елімізде киноиндустрия саласын дамыту болып табылады. Жас кинорежиссерлердің шығармашылығын дамытуға дем беретін сайыс 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында өрбиді. Өтінімдер 1-ші шілдеге дейін қабылданады. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған дода жеңімпаздарының бейнематериалдары шілденің 5-інен бастап, экраннан көрсетіледі.  Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған байқаудың бір ерекшелігі – бұрын жарияланып қойған туынды авторлары да қатыса алады. Бұл өз кезегінде тасада қалған мамандарды танытуға мүмкіндік бермек. Сайыс шартына сай, «үздік режиссер», «үздік актер» және «үздік сценарист» номанциялары да қарастырылған. Көп ішінде топ жарғандарға 500 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Үздік деп танылған туынды авторлары республикалық байқауда бағын сынамақ.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.