• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Елбасы жайлы «Жұлдыздар тоғысқанда» кинофильмі көрсетілді

Шымкент қаласының жастарына арнап облыстық жастар ресурстық орталығында  . Патриоттық туындыда Елбасының өмірі, жастық шағымен қатар жетістікке жету жолы да көрсетілген.Кинокартинадағы әрбір кадр президент өмірінің айғағы болды. Көпшіліктің қызығушылығын туғызған туындыны келушілердің назарына облыстық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды.


Серік Әуесханов, облыстық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары: «Ардагер кәсіподақ мүшелерімен жастардың кездесуінде Елбасымыздың өмір дерегінен сыр шертетін осындай фильмді көрсетуді жөн көрдік. Бұл — ел тәуелсіздігін алғалы бері бүгінге дейінгі Елбасының жолы. Сол кезеңдерде жұмыс атқарған ардегерлеріміз жастарға кәсіподақтың негізгі міндетін түсіндіріп бақты. Сондай-ақ кәсіподақтың рөлін көтеруге байланысты қабылданған заңға енгізілген өзгерістер, жеңілдіктер және осы заңға сәйкес еңбеккерлердің құқығын қорғау бойынша аянбай жұмыс істейтіндігін түсіндіріп бақты. Бүгінде халық кәсіподақтарды тек демалыс орындарына жолдама беретін ұйым деп танымау керек. Біздің міндетіміз — еңбеккерлерді демалдырып қана қоймай, сонымен бірге оларға қолайлы жағдай жасап, еңбек құқықтарын қорғау болмақ. Осының барлығын қазіргі болашақ мамандар білу керек. Сол үшін де жұмыс жасап жатырмыз» дейді.


Патриоттық фильмді тамашалаған жастар кәсіподақ бірлестігінің ардегерлерімен еркін сұхбат құрды. Жастар мәселесін жіті назарда ұстаған ұйымдағы білім беру, мәдениет, агро-өндірістік кешен, энергетика және көлік саласының өкілдері тәжірибелерімен бөлісті. Олар еңбек құқығы мен мүдделерін сақтау жолдарын тақылады. Және қазіргі кәсіподақ жұмысшыларының мүддесін қорғап, туындаған жағдайға нақты әсер ете алатын механизімдерді де түсіндірді.


otyrar.kz


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.