• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Шымкентте «Миллионмен бірге жарқырайық!» флэшмобы өтті

Шымкент қаласы Наурыз алаңында шаһар тұрғындары және қала басшысы Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен «Миллионмен бірге жарқырайық!» флэшмобы болып өтті. Миллионды еңсерген Шымкент қаласының даталы мерекесін атап өтуге жиналған мыңдаған тұрғындар алдымен көкке шам ұшырды. Шымкенттіктер тарих парағына алтын әріптермен жазылатын сәтті ерекше етіп тойлауды  осылай жалғастыруда. Сондай-ақ көпшілік көтеріңкі көңіл күймен билеп, қалта шамдарын көтеріп туған қаласына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін білдірді. Айта кетейік, мерекеге екі мыңнан аса тұрғындар қатысты және флешмоб соңы эко-акцияға ұласты. Іс-шара соңында қатысушылар қоқысты тазалауға да атсалысты. Шымқала соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы жедел бой көтеруде. Жаңа шағын аудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар, скверлер пайда болды. Білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің саны өсіп, спорттық-сауықтыру кешендері салынды. Жаңадан салынған демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром бар.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.