• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸365.88

Тұрғындар сұрағына ОҚО әкімі тікелей эфирде жауап берді

Шымкент қаласының тұрғындары толғандырып жүрген әлеуметтік сауалдарын тікелей эфир барысында ОҚО әкімі Ж.Түймебаевқа қойды. «Ońtústik» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» хабарында көбінесе сұрақтар жер, баспана алу, жұмыссыздық, шаһарды абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жолдарды жөндеуге қатысты болды. Екі сағатқа жуық аралықта халықтың көкейтесті сауалдарына жауап берді. Тікелей эфир барысында барлығы 1500-ге жуық сұрақ келіп түсті. Соған қарамастан ешқандай сұрақ назарсыз қалмады. Тұрғындардан сұрақтарды қабылдау үшін байланыстың барлық түрі қамтылды.


Сұрақтар Call-орталық арқылы және уацап желісі мен электронды пошта, сондай-ақ, тікелей трансляция жүргізілген Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасына да келіп түсті. Сұрақтардың 423-і WhatsApp желісі арқылы, өзге әлеуметтік желілерден қосымша 215 сұрақ, ал Call-орталыққа 1287 адам телефон арқылы сұрақтар жолдаған.


Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына қатысты сауалдар да қойылды.  «Тікелей эфир кезінде бірден жауап ала алмаған көрермендердің сұрақтары толық тіркелді. Оларға мемлекеттік органдар міндетті түрде жауап береді»,-дейді ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Айта кету керек, «Ońtústik» телеарнасы өткізген  осы жоба аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың берген тапсырмалардың орындалуы әкімдіктегі инспекторларының назарында болады.


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17