• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Жаңа оқу жылына жаңа 5 мектеп

Шымкенттіктердің тұрғандары артуымен қатар құрылыс нысандары да артуда. Осы жаңа оқу жылында жаңа 5 мектеп ашылмақ. Миллион тұрғыны бар шаһарда бүгінде 10 мектептің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта тағы екі мектептің құрылысын бастау үшін тиісті құжаттарды рәсімдеу жасалуда. Қыркүйек айында пайдалануға берілетін мектептердің құрылыс барысы қарқынды жүргізілуде.


Оқушыларға жаңадан салынып жатқан мектептің бірі «Шаңырақ» шағынауданының балғындарына беріледі. Тұрғындарының басым бөлігі өзге елдерден көшіп келген қандастарымыз. Олардың ұл-қыздары бірнеше жылдан бері өзге білім ошақтарына қатынап оқитын. Енді, ондай әурешілікке салынбай алдағы қыркүйек айынан бастап 600 орындық мектепке барады деп сенім артып отыр. Мердігерлер бүгінде нысан құрылысының 85 пайызын аяқтаған. Білім беретін оқу орнының құрлысы 2017 жылдың қазан айында басталған. 3 гектар алқапты алып жатқан білім ошағын көтеруге 1 млрд.-қа жуық қаражат қаралған. Сала мамандарының айтуынша, білім нысаны 2019 жылға өтпелі саналады. Бір қуанарлығы, бұл мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін де жағдай жасалып жатыр. Жеделсаты мен арнайы әжетхана бөлек салынуда.


Құрылыс жұмыстары 2019 жылға өтпелі саналатын тағы бір мектеп Әкімшілік іскерлік орталығында бой көтеруде. 1200 орындық білім ошағының құны 1 млрд. 600 млн. теңгеге бағаланған. Биыл 1 млрд 300 млн. теңге игеріледі деп жоспарланған. Осы бағдарламалар іске асса, 2019 жылы Шымкент қаласында үш ауысымда білім беру мәселесі түбегейлі шешіледі, дейді білім бөліміндегілер.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.