• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Шымкенте тағы бір қызмет түрі пайда болды

Шымкентте жаңа қызмет түрі көрсетілетін болды. Ол құтқарушылардың жұмысын жеңілдету үшін іске қосылған. 1-ші шілдеден бастап тұрғындарға 13-55 көмек көрсетулерін бастамақ. Бір айлық пайдалану құны бар болғаны — 80 теңге. Жаңа 13-55 құтқару қызметінің түрі сан алуан. Мысалы: құлыптанып қалған есікті ашу, қураған талдарды кесу, тұрғын үйлерге кіріп кеткен жыланды ұстау сияқты күнделікті кездесетін түйткілдерді тәжірибелі мамандар түйінін шешеді.


Бұл қызметтің мамандары шымкенттіктерге кез-келген уақытта көмек көрсетуге дайын. Әзірге шаһар тұрғындарына көрсетілетін қызметтің бірнеше түрі бар. Андрей Фридовский, ТЖ құтқару қызметінің бастығы: «Қызметтің түр-түрін көрсетуге әзірміз. Жеке тұрғын үйлердің құбырларын тазалаудан бастап уланғандарды құтқаруға арналған кешенді көмектерді ұсынамыз. Тұрғындар біздегі қызмет тізімімен танысқаны дұрыс»,- дейді.


Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жұмысын мемлекеттік емес құрылымның құтқару қызметі жеңілдетіп отыр. 13-55 құтқару қызметі мамандарының кәсіби шеберлігі шыңдалған. Бұл қызметке қарағандылықтар да бірнеше жылдан бері жүгініп келеді. Тиісті төлемдерді төлеген соң тұрғындар құтқару қызметіне кез-келген уақытта жүгіне алады. Егер қызметке жүгінбеймін десеңіз, төлемесеңіз де болады. Егер 2 ай қатарынан төленбеген жағдайда түбіртектен құтқарушылардың қызметі алынып тасталады.


 


otyrar.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.