• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Туристерге қандай тағам түрін ұсынған ыңғайлы?

Шымкентте туризм саласы бойынша өткен семинарда шетелдік менталитет туралы кеңінен айтылды. Бұл салада жұмыс істейтін жергілікті кәсіпкерлер шетелдік қонақтарға қызмет етуді жан-жақты үйретпек. Алматы мен Астана қаласынан келген спикерлер рестораторлар мен қонақ үй иелеріне, туркомпания өкілдеріне неміс, француз, индустарды қарсы алғанда нені басты назарда ұстау қажеттігін айтты.


Оңтүстіктегі туризм саласы мамандарының бас қатырар басты мәселесі —туристерді тартудың жолдарын білу. Мейрамхана, қонақ үй, туристік компания қожайындарына Астана мен Алматыдан келген кәсіби білгірлер еуропалықтардың тағамдық талғамы туралы мәліметтер берді. Гүлмира Ахбердиева, ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы қауымдастығының жетекшісі: «Мәселен, көптеген шетелдіктер сиыр етін жемейді. Кейбірі, тіпті, вегетариандар. Арасында біздің ұлттық тағамдарымызды түсіне алмайтындар да кездеседі. Бүгінгі семинарда біз туристермен тікелей жұмыс істейтіндерге ас мәзірін дұрыс түзуді, турпакетті дұрыстауды үйретеміз». Оңтүстіктің тарихи орындары мен табиғаты тамаша өңірлеріне келушілердің қатары жылдан-жылға артып отырғандықтан, кәсіпкерлермен психологтар да жұмыс істейтін болады. Қазіргі кезде туристтерді өз елдеріне тартып жатқандар көп. Сондықтан да біз қызмет көрсету сапасын жоғарылатуымыз керек.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.