• Бүгін: 16.11.2018 |$1 = ₸374.14

Ашық қоғамға — ашық архивтер

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Рухани жаңғыру: Ашық қоғамға — ашық архивтер» тақырыбында семинар-кеңесі өтті. Семинар-кеңестің мақсаты — әлемдік озық-тәжірибені насихаттап, тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықты нығайтып, архивист мамандардың біліктілігін артыру болып табылады. Халықаралық іс-шараға еліміздің Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының архивист мамандарымен қоса Польша және АҚШ елдерінен сарапшы мамандар қатысты. Жиынға қатысқан білікті мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, шеберлік сағаттарын өткізді. Қонақтар Ұлттық тағамдар қойылған дастарханнан дәм татып, ұсынылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Конференция барысында ҚР Президенті архивінің директоры Борис Әлікенұлы Жапаров пен ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығы жайында пікірлерін білдірді. Семинар барысында Польша Ұлттық естелік институты архивінің директоры Марзена Крук «Цифрлық архив: архивтік ресурстарды басқару құралы ретінде», Мэриленд университетінің профессоры Адам Крисберг «АҚШ-тың архивтік тәжірибесінен» дәріс сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар,  шеберлік  сабағында ҚР Президенті Архивін жеке тектік құжаттармен толықтыру  мәселесі   бойынша  әдістемелік кеңестер  берілді.


otyrar.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.