• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Шымкентте кореялық «Һighvill» компаниясының үйлері салынады

Шымкентте әлемге әйгілі «Highvill» компаниясы тұрғын үйлер салмақ. Шымкент әкімдігі, «Highvill» құрылыс компаниясы және «Шымкент» ӘКК осындай үш жақты меморандумға қол қойды. Көп қабатты үйлер «Shymkent City» аумағына салынады. Құрылыс компаниясы осы мақсатта 160 млрд теңге шамасында инвестиция құймақ. Компания салатын құрылыс алаңының жалпы ауданы 52 гектарды құрайды, ондағы үйлер кешенінде 5500 пәтер мен 6700 орындық көлік тұрағы қаралған. Компанияның өкілдері бұл баспаналар ақылды технологияға негізделген деп отыр. Мәселен, Астанадағы «Highvill» кешенін тұрғындар «Қала ішіндегі қала» деп атайды. Себебі ол кешеннің өзінің дәріханасы, сауда орны, сұлулық салоны, балалар орталығы, гүлдер дүкені, дәмханасы мен мейрамханалары бар.


- Меморандумға қол қою – тарихи қадам, - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов. Әкімдік тарапынан салымшыларға «Shymkent City» аумағынан құрылысқа 51,5 гектар учаске бөлініп отыр. Бұл жерде тек әлеуметтік емес, бизнес-кластағы тұрғын үйлер де салынады деп күтілуде. «Highvill»-Kazakhstan» компаниясының бас директоры Канг Джон-Дэ «Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде компанияға озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қызықты болып отыр» деп атап өтті:


- Біз әкімдікке Шымкентте үй салуға мүмкіндік бергеніне алғысымызды білдіреміз. Біздің компания құрылыс саласында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы жылдар бойы жинақталған тәжірибені Шымкентте салынатын үйлерде жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - дейді Канг Джон-Дэ.


Сондай-ақ, «Шымкент» ӘКК директоры Айтмұхамбет Алдажаров көптен күткен келісімге қол жетіп отырғанын, сапалы тұрғын үй кешендерін салудағы «Highvill» компаниясының жаңа ізденістерін оң бағалайтынын жеткізді. Айта кетейік, «Highvill» компаниясы – Кореяның тұрғын үй салудағы танымал компаниясы. Ал «Шымкент-сити» -  қаланың солтүстік аймағында орналасқан, 12 орамнан тұратын қалашық. Онда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары, сауда орталықтары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп күтілуде.


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.