• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Депутаттар «Шымкент сити» қалашығын аралап көрді

ОҚО мәслихатының депутаттары Шымкентте салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын бақылап көрді. «Шымкент сити» қалашығында 31 тұрғын үй бой көтеруде. Құрылысшылар «биыл жыл соңына дейін оның 14-ін пайдалануға береміз», деп отыр. Депутаттардың арасында да құрылысшылар бар болғандықтан болса керек, көбі жұмыстардың сапасы мен инфрақұрылымдардың дұрыс тартылуына басымдық беру қажеттігін ескертті.


Соғылып жатқан пәтерлер кезектегі адамдарға жалға және несиеге беріледі. Сонымен қатар, «бюджет қаржысына Әкімшілік іскерлік орталығында тағы 27 тұрғын үй тұрғызылып жатыр» дейді сала мамандары. Жалпы Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан үйлердің құрылысына 18,6 млрд. теңге қаражат қаралған.


Халық қалаулылары пәтерлердің шаршы метрінің бағасы мен құрылыс сапасына аса назар аударды. Үйлер қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді бағада болуы қажет деп кеңес берді. Әлеуметтік нысандарда басым бағыт инфрақұрылымға берілуі керек. Өз кезегінде қаражатына үй салып жатқан жеке компаниялардың өкілдері пәтердің әр шаршы метрін 175 -200 мың теңгеден сатуды ойлап отырғандарын айтты.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.